Астанада ер адамдар интимдік жазбаларды жариялаумен қорқытып, әйелден 40 миллион теңге бопсалаған
Астанада ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компанияның атқарушы директоры әйелден 40 млн теңгебопсалаған. Олар қаржыны бермеген жағдайда интимдік жазбаларды жариялаумен қорқытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Елордалық Полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны өзінен ақша бопсалағанын айтып, шағымданған. Сөзінше, ер адамдар қорқытып, интимдік жазбаларды жариялайтынын айтқан. Сонымен қатар күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған.
Қалалық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілерді ақшаны беру барысында ұстады. Олардан 2 млн теңге көлемінде қаржы тәркіленді.
Аталған факті бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"