Астанада аялдаманың әйнегі шағылып, екі адам жарақаттанды
Астанада дүлей желден аялдама әйнегі шағылып, егде жастағы екі адам жарақаттанды. Олар бірден қалалық көпбейінді №1 ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынған
Әлеуметтік желіде тараған видеода ерлі-зайыптылардың қатты желден жасырынамыз деп аялдамада тұрғанын байқауға болады. Алайда желдің екпініне аялдаманың әйнегі шыдамаған. Ауруханаға түскен екі науқастың біреуі үйіне жіберілді. Ал әйнек астында қалған қарияның жамбас сүйегі сынған. Оған ота жасалатын болды.
"Аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 306-бабы, қауіпсіздік талабына сай келмейтін тауар шығару немесе сатуды орындау немесе көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – дейді Астана полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлмира Шырахметова.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды