Астанада автобус жаяу жүргіншілер жолында әйелді қағып кетті (видео)
Астанада автобус жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Әйел оқиға орнында мерт болды.
"Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен келе жатып, Тұран даңғылына оңға бұрылып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды", – деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар тағайындалды.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"