Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана таксилері ЭКСПО қонақтарын тегін тасуы мүмкін

Астана билігі таксистердің бағаны қолдан көтеріп жіберуіне қатысты арнайы шаралар қабылдамақ.

c

Бұл туралы astana.gov.kz хабарлайды.

Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуынша, барлық такси қызметінде әуежайдан және вокзалдан қалаға дейінгі бағалар реті қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылып қойылған.

“Егер шетелдік жолаушылар таксометр қосылмаған такси арқылы келсе, онда ол қалаған жеріне тегін жете алады”, – дейді Бектұрова.

Осыған орай жақында ғана венгриялық туристен 40 мың теңге алған такси жүргізушісіне қатысты да пікір білдірді.

809e7e8786fa6b12a6f57c08042fedfc

“Ол өзінде бар таксометрді қоспаған. Бұл бір. Екіншіден, такси қызметінде бағалар реті жазылып қойылған. Таксист шығынды өтеп, кінәсін мойындағаннан кейін оны жауапкершілікке тартқан жоқ. Бұл өзі үшін де, әріптестері үшін де сабақ. Бұрын ол жеке клиент тасумен айналысқан екен. Сірә, бұл жағдай сол кезден қалып кеткен әдет шығар”, – дейді әкім орынбасары.

Оқи отырыңыз:

Астанада шетелдіктен 40 мың теңге алған таксист ақшаны қайтарып берді

Қытай қазақтары “қысым көріп жатқандарын” айтады

Азан даусына шағымданған астаналықтарға министрлік жауап берді

Шымкенттіктер тәртіп бұзған «дөкейдің» алдында жорғалаған полицейді түсіріп алды (видео)

Талқылау