«Астана» құрамасына француз футболшысын сатып алды
"Астана" мен "Жальгирис" футбол клубтары франциялық жартылай қорғаушы Фабьен Уреганды қабылдау туралы келісімге келді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

30 жастағы жартылай қорғаушының Литвамен келісімшарты болған. Алайда таяуда "Астанадан" ұсыныс түсіп, Қазақстан Премьер-лигасына өтуге ниет білдірген.
Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде "Астана" "Жальгириске" өтемақы төлеуі тиіс. Бұл ретте транзакцияның нақты сомасы туралы ештеңе айтылмады. Онымен келісімшарт 2023 жылға дейін жасалған.
Фабьеннің мансабына француздық Орлеан, Сошо, Париж және бельгиялық Excelsior Virton кірді. Өткен маусымда ол "Жальгирис" сапында Литва чемпионатында 27 кездесу өткізіп, төрт гол соққан.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге

