"Астана" еурокубок турнирінен шығып қалды
“Астана" өз алаңында Польшаның "Ракувынан" 0:1 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Конференция лигасының екінші іріктеу айналымында "Ракувпен" кездескен елордалықтар бұл жолы да қарсыласынан басым түсе алмады.
Алғашқы он минутта-ақ польшалықтар қақпаға бірнеше рет соққы жасаған. Украиналық Владислав Кочергин айып алаңынан соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады. “Астана” жағдайды түзетуге тырысқанымен, есеп ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды
Еске салайық, бір апта бұрын Польша жерінде Срджан Благоевич ойыншылары 5:0 есебімен ойсырай ұтылған еді. Осылайша Қазақстанның алты дүркін чемпионы еурокубок турнирінен шығып қалды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

