"Астана" баскетбол клубы 12-рет ел чемпионы атанды

"Астана" баскетбол клубы 12-рет Қазақстан чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2024/2025 маусымындағы Ұлттық лиганың финалдық сериясында елордалық "Астана" баскетбол клубы алматылық "Ірбіс Алатау" командасын жеңіп, Қазақстанның 12 дүркін чемпионы атанды.
Шешуші матч 2025 жылдың 6 мамырында Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтті. "Астана" сенімді ойын көрсетіп, баскетболдан турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын тағы да растады.
Айта кетейік, бұл клуб тарихындағы 12-ші чемпиондық атақ болып саналады. Бұған дейін команда 2011-2023 жылдар арасында 11 рет ішкі біріншілікті ұтқан еді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

