Астана әуежайында рейстер кейінге шегерілді
Астана әуежайында алты рейс кейінге шегерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Астана әуежайы
Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жоспарланған 75 рейстің алтауы кейінге қалдырылғанын хабарлады. Олар 10:10-да ұшып шығуы керек еді. Кейінге қалған рейстер:
- SU1957 Астана – Мәскеу;
- KS7208 Астана – Атырау;
- KS7315 Астана – Қызылорда;
- KS921 Астана – Франкфурт;
- DV716 Астана – Шымкент;
- KS642 Астана – Алматы.
Кешіктірілген рейстердің көбі 14:00-ден 16:00-ге дейін кейінге қалдырылды.
Баспасөз қызметі бұл ауа райының қолайсыздығына байланысты емес дейді.
Жолаушылар рейстердің жай-күйі және кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуекомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының 8 (7172) 702-999 телефоны арқылы ала алады.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен