Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімдігінде істеймін деп алдаған ер адам ақтаулықтарды 130 млн теңгеге сан соқтырып кеткен

48 жастағы Ақтау тұрғыны сыбайластарымен бірге алаяқтық жасап, 130 млн теңге өндіріп алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

55095

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Астанадағы тұрғын үй комиссиясының мүшесімін деп өзін таныстырған ер адам адамдарға арзан пәтер алып беремін деп уәде еткен. Сол уәдесі үшін ақша алып, оны өз керегіне жаратыпты.

“Қылмыстық істің материалдары бойынша 2014 жылы жазда ол өзінің шын есімін жасырып адамдарды алдаған. Ақтауға қызметтік іссапармен келген ол осында бұрын сотты болған бір әйелмен танысады”, – деп жазады басылым.

Өзін Астана қалалық әкімдігінің қызметкерімін деп әспеттеген ер адам, адамдарды жалдамалы пәтеріне шақырып қаладан үй алудың нұсқаларын ұсынады. Ол жағдай тікелей өз бақылауында болатынын айтып адамдарды сендірген”, – дейді Ақтау қалалық сотының судьясы Галина Айжарықова.

Алаяқтар ерлі-зайыптылардан 4 бөлмелі пәтер үшін 4 миллион 550 мың теңге алған.

“Бұл отбасыға алаяқтар 10 ықшамауданнан 2 бөлмелі пәтер ұсынған. Бұл қызмет үшін отбасы оларға 1 820 000 теңге төлейді. Нотариус кеңсесінде “әкімдік адамдары” ерлі-зайыптылардан пәтерді рәсімдеу үшін деп тағы да 2 миллион теңгедей алып алады. Айыпталушылармен бірге тағы үш әйел жұмыс істеген”, – деп хабарлады судья.

Жалпы саны 10-нан астам адам алаяқтардың құрығына түсіп, полицияға шағымданған.

“Ер адам айыпты деп танылып, мүліктері тәркіленіп алты жылға сотталды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сот үкімі бойынша ол зардап шеккендерге кеткен шығынды төлеуі тиіс”, – деді сот.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды супермаркетінде порнографиялық киндер-шоколад пайда болды (видео)

Семейде 20 жігіт көшеде айқайлап жолды жауып бұзақылық жасамақ болды

Алматы тұрғыны қоқыс полигонына айналған үйінде тышқандармен бірге өмір сүріп жатыр

Оралда өзіне қол жұмсады делінген басшыны қызметкері айуандықпен өлтірген болып шықты

Талқылау