Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскерден сарбаздарды күтіп алған: Алматы облысында оқ атқан жігіттер ұсталды

Алматы облысының тұрғындары әскерден оралған сарбаздарды атыспен күтіп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қару атқан

Фото: кадрдан скриншот

Кадрларда ауылдардың бірінде сарбаздарды туыстарының қарсы алып жатқаны байқалады. Сонымен қатар бірнеше адам қарумен оқ атады. 

Алматы облыстық полиция департаменті оқиға Қарасай ауданындағы Көксай ауылында болғанын мәлімдеді. 

“Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуірде Қарасай ауданының Көксай ауылында оқ атқан жастардың бұзақылық әрекеті анықталды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді”, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі, 

Оқ атқан қарулар сараптама жасауға жіберілген.

“Атыс қаруын қолданып бұзақылық жасау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Екі жас бала тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Бұған дейін полицейлер Алматыда әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық орындарды ластаған футбол жанкүйерлерін жауапқа тартты.

Талқылау