Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі ай өтті": Асқар Маминді Маңғыстаудағы фермерлерге кеш көмектескені үшін сынға алды

Бүгін Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс бабымен келді. Онда премьер-министр облыс әкімінің өңірдегі мал шаруашылығы саласындағы қалыптасқан жағдай және құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарды жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі баяндамасын тыңдады. Ол құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге көмектесуге тапсырма берді. Алайда желіде премьер-министр бәрібір сынға ұшыраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамин

"Премьер-министрге мәселені түсіну және тиісті тапсырмалар беру үшін 60 күн қажет болды", – деп жазады кәсіпкер Санжар Боқаев Facebook-те.

Оның айтуынша, жем-шөптің жоқтығына байланысты жылқылардың жаппай қырылуы туралы алғашқы жаңалықтар мамыр айының соңында әлеуметтік желіде жариялана бастаған. 2 маусымда мал өлімі туралы жаңалықтар БАҚ-та жарияланды. Бір-екі аптада ауыл шаруашылығы министрлігі бұған аудандық әкімдіктерді кінәлады. Шілде айынан бастап еріктілер құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарға қаржылай көмек жинап, шөп шабуды бастады.

“2021 жылдың 21 шілдесі. Мамин құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстаудағы фермерлерге көмек беруді тапсырды. Шешімдердің ұзақ әрі шашыраңқы қабылдануы маған ауыр соғады. Егер үкімет дәл уақытында шешім қабылдап, тиімді әрекет етесе қаншама жылқыны аман алып қалуға болар еді. Егер ертең бұдан өткен қасірет туындаса, адамдар үшін қорқамын, себебі үкіметтің қолынан мәселе шешу келмейді. Жылқылармен болған жағдай сияқты, дұрыс шешім қабылдағанша мыңдаған адам өмірін жоғалтамыз”, – дейді Боқаев өз сөзінде. 



Айта кетейік, үкімет Маңғыстау облысында аналық мал басы үшін азыққа жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге 1,9 миллиард теңге бөлді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірге көршілес облыстардан: Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан шөп жеткізуді жолға қойған.

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы "ҰК" АҚ-пен жасалған келісімшарт аясында 1200 тоннадан астам арпа әкелінді, олар фермерлерге нарықтық бағадан төмен бағамен сатылды. Сондай-ақ өңірде мал басын түгендеу бойынша арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр", – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Талқылау