Ashyq қосымшасында ақау пайда болды
Ashyq қосымшасы жұмысында мәртебені анықтау бойынша техникалық ақаулар пайда болды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі техникалық ақаулар себебі анықталып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақау жойылғанға дейін пайдаланушыларға балама әдіс ретінде Aitu қосымшасын қолдану ұсынылды.
"Бірнеше апта бұрын BTS Ashyq-ты Aitu қосымшасына біріктіруді ұсынды. Біз келістік. Неліктен Aitu? Біріншіден, BTS мемлекетпен жұмыс істейді. Яғни, оларда жарияламау және деректердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы қол қойылған меморандумдар бар. Екіншіден, Aitu-да республикалық база деректері жоқ, ол тек ақпарат алады. Қазір Aitu пилоттық режимде жұмыс істейді", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті