Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әшімбаев: Украинадағы қақтығысқа қатысты біздің ұстанымымыз әрқашан айқын – соғысты тоқтату керек

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Украинадағы қақтығысқа қатысты ұстанымының өзгермейтінін тағы да атап өтті. Ол қанды соғысты тоқтату керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: inbusiness

"Жалпы, Қазақстанның Украинаға қатысты ұстанымы айқын, тұжырымдалған, оны мемлекет басшысы бір емес, бірнеше рет айтты. Сыртқы істер министрлігі де үнемі бұл ұстаным туралы айтып келеді. Мен де осы тақырыпта бірнеше рет әңгіме қозғадым. Украинадағы қантөгісті, ол жерде болып жатқан қанды қақтығысты тоқтату өте маңызды. Біздің ұстанымымыздың біржақты еместігі қай жерден байқалады? Келіссөздер процесін бастау, келіссөз үстеліне отыру, осы мәселені талқылауға кірісу және осы жағдайдың, осы қақтығыстың шешімін іздеу өте маңызды. Сондықтан бұл тұрғыда Қазақстан өз мүмкіндіктерін ұсынды. Сондықтан біздің ұстанымымыз әрқашан айқын", – деді Әшімбаев бейсенбі күнгі сенат отырысында.

Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейде жасаған Қазақстан Украинадан өзінің "тәуелсіздігін" мәлімдеген квазимемлекеттік құрылымдарды мойындамайтыны туралы мәлімдемесін еске салды.

"Сондықтан осы бірнеше жылдағы біздің ұстанымымыз нақты тұжырымдалған. Бұл туралы айтпау керек деген сөз емес, қажет болса, біз өз ұстанымымызды тағы да айтамыз. Сондықтан осы кезеңде қантөгісті тоқтату өте маңызды. Қарап отырсаңыз, бейбіт тұрғындар қырылып жатыр. Бұл, әрине, екі ел үшін ғана емес, сонымен бірге Ресеймен, Украинамен белсенді дос және қарым-қатынас жасайтын елдер үшін де үлкен трагедия. Біздің тарихи байланысымыз бар. Бізде адами қарым-қатынас бар. Экономикалық байланыстарымыз бар. Және бұл тұрғыда, әрине, Қазақстан қазір, ең алдымен, келіссөз үстеліне отырып, осы шиеленісті шешудің тетігін іздеу керек екенін үнемі айтып келеді. Біз көмектесуге дайынбыз, қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл жерде біздің ұстанымымыз анық", – деді Әшімбаев.

Талқылау