Әсел Асқар: Күйеуім, балам үшеуміз анамның үйінде тұрып жатырмыз
Актриса Әсел Асқар күйеуі, баласы үшеуі неліктен анасының үйінде тұрып жатқанын түсіндірді. Блогердің айтуынша, бұл – уақытша жағдай.

Әселдің желідегі оқырмандары Instagram желісінде актриса мен жолдасы Айбек екеуі анасының үйінде тұрып жатқанын байқады. Бұған қатысты түрлі сұрақтар қоя бастады. Актриса мұны растады.
"Иә. Біз анамыздың үйіндеміз. Бірақ бұл уақытша. Барлығына осылай ыңғайлы. Анам бізді жібергісі келмейді. Бұрыннан үйреніп қалған. Қазір ол да баламның анасы. Таңертең баланы алып кетеді, тамақтандыруға ғана әкеледі. Бізге ұйықтауға мүмкіндік береді.
Әкесі ұлын анама ғана сеніп тапсырады. Кешке бірге шай ішеміз, сөйлесеміз, алдағы жоспарларды талқылаймыз. Барлығы тату отбасылардағыдай", – деді актриса.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады