Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі миллион теңгеге дейінгі пәтерлер: Ең арзан үйлер Қазақстанның қай аймағында?

Қазақстанның кейбір аймақтарында 2 миллион теңгеге пәтер сатып алуға болатынын білесіз бе? Мәселен, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының еліміздің шеткері аймағында орналасқан кішігірім қалаларында орта есеппен 1,5 миллионға теңгеге пәтер табуға болады. Үй бағасының соншалықты құлдырауына не себеп? 1 миллион теңгеге қай жақтан үй алуға болады? Бұл туралы Stan.kz тілшісінің материалынан оқыңыздар. 

Қостанай облысы Қашар (Рудный қаласынан солтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде орналасқан) өңірінде бір бөлмелі пәтерді 1 миллион теңгеге сатып алуға болады екен. Үйдің құрылысы 1990 жылы аяқталған, пәтер 9 қабатты үйдің 3 қабатында орналасқан. 

Қостанай обл

Ақмола облысы Атбасар (Нұр-Сұлтан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 232 км жерде, Есілдің бір саласы Жабай өзенінің жағасында орналасқан.) қаласында ең арзан пәтерді 1,3 миллион теңгеге бағаланған. Пәтер екі қабатты үйдің біріншісінде орналасыпты. Үй иесі пәтердің жағдайын жақсы деп көрсеткен. 

Ақмола обл

Ақтөбе облысын Қандыағаш ( Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 95,2 км Елек өзенінің бастауы Жарық өзеніне жақын жерде орналасқан Мұғалжар ауданына қарасты кент) қаласында  бір бөлмелі пәтерді 1 450 000 теңгеге сатып алуға болады. Көпқабатты үйдің ең жоғарғы 5 қабатында орналасқан пәтер 1990 салынған екен. 

Ақтөбе обл

Павлодар облысы Солнечный (Павлодардан батысқа қарай 172 км Екібастұздан солтүстіккен 42 км орналасқан) ауылында бір бөлмелі пәтер 1,5 миллионға бағаланыпты. Пәтердің ауданы алдыңғыларынан қарағанда үлкенірек - 38 шаршы метр. 

Павлодар обл

Солтүстікке қарағанда еліміздің оңтүстігіндегі үйлер біршама қымбатырақ көрінеді. Мәселен, Жамбыл облысындаңы Жаңатаста (Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік беткейінде орналасқан) бір бөлмелі пәтерді 1,7 миллион теңгеге табуға болады. Пәтер иесі үйге еуропалық стандартта жөндеу жұмыстары жүргізілгені жайлы жазыпты. Көпқабатты үй құрылысы 1992 жылы аяқталыпты. 

Жамбыл обл

Маңғыстау облысының Құрық (Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км, Қарақия ойысынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км орнаслақан) ауылында бір бөлмелі үй 1,9 миллионға бағаланыпты. Бұған қоса, үй иесі пәтерін айырбастау мүмкіндігі бар екенін көрсеткен. 

Маңғыстау облсШығыс Қазақстан облысындаңы Курчатов (бұрынғы Семей сынақ полигонының орталығы, ШҚО-ның батысында орналасқан) қаласында ең арзан үйдің бағасы 2 миллион теңге көрінеді. Алайда пәтер иесі сайттағы хабарландыруға үйдің суреттерін жарияламаған. 

ШҚО

Айта кетейік, еліміздің ең ірі мегаполистері Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында бір бөлмелі пәтерлердің ең арзаны 3 миллион теңгеге бағаланыпты. 

мегаполис

Алматының бағалау орталығының директоры Бауыржан Бектаев пәтер бағасының соншалықты құнсыздануының себептерін атады. Айтуынша, аймақтардағы пәтерлердің арзан болуы нарықтың жағдайына байланысты. 

"Нарықтағы баға белгілі бір факторлардың әсеріне негізделген сұраныс пен ұсыныстар бойынша қалыптасады. Әртүрлі аймақтардағы пәтердің бағасы сыртқы факторларға байланысты болады: үйдің мегаполистегі немесе ауылдық аймақтағы орналасуы; тұрғындардың өмір сұру деңгейі мен табысы; жалпы сұраныс пен ұсыныстар санының жеткілікті болуы", - дейді сарапшы. 

Бұған қоса, ол үйдің бағасы оның аумағына да тәуелді екенін атап өтті. 

"Сонымен қатар жылжымайтын мүліктің бағасын қалыптастыратын дүние оның аумағы екенін естен шығармаған жөн. Яғни, пәтердің ауданы кішігірім болса, оның құны да соғұрлым арзандау болады. 

Халқының табысы жоғары өңірлерде үйдің бағасы да, оған деген сұраныс та жоғары болады. Мәселен, Түркістандағы баспаналардың қымбаттап жатқанын қарайық. Бұл қаланың беделі артып келе жатқанын көрсетеді", - деп қосты маман. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр