"Арым таза": Жігер Ауыпбаевтың жас келіншегі желідегі қауесетке жауап берді

Танымал әнші, “Меломен” тобының экс-солисі Жігер Ауыпбаев екінші рет шаңырақ көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі маңызды жайтты бөлісіп, бірқатар кадр жариялады. Алдымен ол сүйіктісі Муминаға ұсыныс жасаған сәттің видеосын жүктеді.
“Бұл видеоны жариялау туралы ұзақ ойландым…
Бірақ енді жасыратын ештеңе қалмады.
Сендей сұлу болмайды екен маралым,
Нұрлы бақта өскен гүл.
Судан таза, сүттен аппақ адалым,
Құшағыма қош келдің!” – деп жазды әнші.
Артынша TikTok желісінде Муминаның ұзату тойынан үзінділер тарады.
Алайда желі қолданушылары қуанышты жаңалықтан гөрі қалыңдықтың сырт келбетіне көбірек назар аударды. Көпшілік әншінің сүйіктісі аяғы ауыр болуы мүмкін деген болжамды жарыса жазды.
“Аяғы ауыр ма әлде маған солай көрініп тұр ма?”, “Бақытты болсын, қыз мәз, аяғы ауыр сияқты әрең жүр ғой”, “Жүкті ме?”, “Аяғы ауыр сияқты”, – деп жазды олар.
Мұндай пікірлерге әншінің жары Мумина Адахамова бірден жауап берді. Ол жеке парақшасында “Текті қыз” деген атаумен жазба жариялады.
Ол желідегі пікірлерге қатысты адамның алдында ақталмайтынын, ары Алланың алдында таза екенін айтты. Оның сөзінше, “жүкті болып тұрмысқа шықты” деп жазып жүрген хейтерлер өз ақыретін ойламаған адамдар.
“Алланың алдында арым таза! “Жүкті болып тұрмысқа шыққан” деген секілді өз ақыретіне бейжай қарайтын хейтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін. Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қардай амалға толтырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер. Ал бізге шынайы бақыт тілеп жатқан жандарға алғысым шексіз”, – деп түйіндеді ол.
Еске салайық, бұған дейін Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісі жайлы айтқаны хабарланған еді.
Америкалықтар қарсы шыққан ірі ЖИ-хаб Екібастұзда салынғалы жатыр: Экология жанашырлары неге алаңдаулы
Оқыңыз