AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артында екі жастағы қызы қалды: Оралды дүр сілкіндірген 21 жастағы қыздың өліміне қатысты деректер анықталды

Орал қаласында 21 жастағы қыз аяусыз өлтіріліп, отбасы қылмыскерді қатаң жазалауды талап етіп отыр. Қыздың өлімі қаланы дүр сілкіндірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Настя Чернаяны екі күн бойы іздестірген, бірақ нәтижесінде ағаштары өртенген орманда мәйітін тапқан. Бүгін Настяның жерлеу рәсімі өтті. Оның артында екі жасар қызы қалды.

Белгілі болғандай, жас қыз 13 қыркүйекте жоғалып кеткен. Таңертең үйінен шығып, оралмаған. 2 күннен кейін шопан оның жараланған денесін ормандағы күл арасынан тапқан. Настяның қылмыскермен кездесуі қандай жағдайда орын алғаны белгісіз.


Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасына баспана беріледі 


Марқұмның кіндік шешесі Марина Бакина оның артында екі жасар қызы қалғанын айтады.

“Оның отбасы да біз көрген нәрсені көріп, сезінсін. Оның ата-анасы қандай күйде? Қылмыскер бұл туралы ойлай ма?! Ол анасын қызынан, ал қызын анасынан айырды. Екі жастағы қызы қалды”, – дейді ол.

Ал достары қыздың ашық, көңілді болғанын, бизнес ашып, отбасын құруды армандағанын айтады. 

Достарының айтуынша, Настя өзімен бірге алтын әшекей, үш телефон және 50 мың теңге ала кеткен. Мүмкін  қылмыстың себебі осы болған шығар дейді.


"Әлеуметтік желіде танысқан": Жамбыл облысында 12 жастағы қыз зорланды 


Полиция күдіктінің бір тәулік ішінде ұсталғанын және ол кінәсін мойындағанын жеткізді.

“16 қыркүйекте күдіктінің жеке басы анықталды, ол ұсталды. Ол 1994 жылы туған азамат. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сараптамалар тағайындалды, осы істің барлық егжей-тегжейлері анықталуда”, – дейді Мөлдір Қадырғалиева, БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Тергеу мәліметтері бойынша, жұмыссыз ер адам қызды басына ауыр затпен бірнеше рет ұрған. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр