"АрселорМитталТеміртау" заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
Қарағанды облысының полицейлері "АрселорМитталТеміртау" АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Бұл туралы Рolisia.kz сайтының телеграмм арнасы жазды.
"Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Шахтинск қаласының 53 жастағы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары – 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел анықталып, ұсталды.
Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақзаттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Еске салайық, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық