Арман Шораев расталмаған ақпаратты жариялағанын мойындады
Танымал журналист және қоғам қайреткері Арман Шораев босатылғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше күн бұрын полиция ұстаған Арман Шораевты жеке мойындауы бойынша бүгін босатты. Босатылғаннан кейін Арман Шораев әпкесі Жанна Шораеваның Facebook-тегі парақшасында мәлімдеме жасады.
"Арманның үндеуі. Құрметті достар, маған тағылған айыптардың мәні бойынша мен мынаны түсіндіремін.
Төтенше жағдай мен карантин кезінде мен расталмаған ақпаратты жариялағаныма өкінемін. Мен төтенше жағдай мен карантинді бұзбауға және тексерілмеген материалдарды жарияламауға міндеттенемін. Құрметпен, Арман Шораев", - деп қысқа қайырды Шораев.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды