Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлының "Көшпенділер" фильмі үшін салынған бекіністің сатылғанына қандай қатысы бар екені тексеріледі

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының "Көшпенділер" фильмі үшін салынған бекіністің сатылуы ісіне қатысы бар-жоғы тексеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекет басшысының активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ экс-президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі", – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Алматы облысы Іле өзенінің жағасындағы "Көшпенділер" киножобасының аясында салынған жалған "Түркістан" бекінісі мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығына қарасты коммерциялық ұйымға нарықтық құнынан 44 есе төмен бағаға сатылған.

Компанияға Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы бар болуы мүмкін.

"Қазіргі уақытта бұл мүлік пен жер телімін мемлекет меншігіне қайтару шаралары жүргізілуде", – деді Антикор.

Еске салсақ, бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Артынша, өткен айдың аяғында оған "Дипломат" қонақ үйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Куәгерлер экс-шенеуніктің қылмысы туралы сотта түсініктеме бергенімен, Мұхамедиұлының өзі "жала жауып отыр" деген сөзінен танар емес.

Талқылау