Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы оның қамауға алынғанын жоққа шығарды

Әлеуметтік желіде бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда оның баспасөз хатшысы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық музей директорының баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай “осындай ақпараттардың барлығы "жүйкесін жұқартқанын айтып, мұндай әрекеттер әдейі жасалып отырған болуы мүмкін" екенін мәлімдеді.

Айтуынша, басшысымен сөйлескен кезде ол үйде ем қабылдап жатқанын айтқан, бұл уақытта блогерлер мен журналистер оның уақытша ұстау изоляторында екенін хабарлаған. Ал ресми органдар мен тергеу мұны жоққа шығарған жоқ деп налып отыр, ол. 

Бүгін қалалық соттың санкциясы туралы хабарламадан кейін ол алдымен Мұхамедиұлына қоңырау шалып, содан кейін оған жеке өзі барған. 

"Мен өзімді дәрменсіз сезініп отырмын! Неліктен мемлекеттік органдар тиісті мәлімдеме жасамайды? Олар жалған ақпаратты жоққа шығаруы керек, бірақ үндемей отыр. Бәрін өзім жасауға мәжбүрмін, бірақ соның өзінде сенімсіздік пайда болады. Тіпті сіздің сұрақтарыңызға қарасам, маған сенбейтініңіз көрінеді? Егер ол ұсталған болса, неге мен анық нәрсені жоққа шығарамын? Бұлай істеу арқылы бірнәрсенің алдын аламын ба? Менің айтқаным әсер ете ме? Мен болашақта санкция салынатынын не салынайтынын білмеймін. Бірақ қазір Арыстанбек Мұхамедиұлы үйінде ем қабылдап жатыр. Менің бар айтарым осы”, – деді Айдар Қырықбай  Orda.kz порталына. 

Оның ойынша, мұндай ақпараттық шу әдейі жасалып отыр. 

Еске сала кетсек, Ұлттық музей директорының үйіне осыдан он күн бұрын тінту жүргізілгені туралы ақпарат тараған болатын. Артынша өзіне қол жұмсады деген мәлімет те желіні шулатты.

Кейін белгілі болғаны, Мұхамедиұлы аяғына ота жасатыпты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің бірнеше лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Яғни, "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс тексеріліп жатқанын растаған еді.

Шарттың жалпы сомасы 1 миллиард 2 миллион теңгені құраған. Ал Ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары 146 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілініп отыр.

Айта кетейік, Мұхамедиұлы әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты негізсіз тексеру басталды деп, президенттен көмек сұраған болатын.

Талқылау