Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр түрлі әлде әртүрлі: Қалай дұрыс?

Белгісіздік есімдіктерінің дұрыс жазылуынан қате жібермейтіндер кемде кем. Бүгінгі материалымызда есімдіктер емлесін ары қарай жалғастырамыз. 

Есімдіктердің екі түрі бар: болымсыздық және белгісіздік.

Еш, әлде, әр, кей, қайсы, бір  мен басқа есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған болымсыздық, белгісіздік есімдіктері бірге жазылады. 

Есімдік + есімдік = бірге жазылады

Есімдік + сын есім = бірге жазылады

Соңғы формулаға әртүрлі сөзін жатқыза аламыз.

Әр белгісіздік есімдігінің сөз таптармен тіркесуіне тоқталайық.

Еш, әлде, әр, кей, бір, қай сөздері басқа сөз таптарымен (зат есім, кейде қатыстық сын есімдермен) тіркесіп қолданылады да, бөлек жазылады.

Төменде әр есімдігінің бірге жазылатын және бөлек жазылатын тұстарын көрсеттік. Жиі кездесетін қате әртүрлі сөзінің жазылуына қатысты. Түрлі сөзі сын есімнен болғандықтан ереже бойынша әр- мен тіркескенде бірге жазылады. Сол сияқты, әрне, әрбір, әрқалай, әрқилы, әркелкі, әркез, әрқайсы сөздері де бірге жазылады.

Тіркесетін сөз табы зат есімнен немесе басқа сөз табынан болса, бөлек жазылады. Мысалы: әр зат, әр нәрсе, әр адам, әр уақытта.

Есімдік + басқа сөз табы = бөлек жазылады.

Талқылау