Тоқаев: Әр мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желіде белсенді болуы керек
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік желілерде белсенді болуы керектігін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазір интернет дамыған заманда әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге ерекше назар аудару керек. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші әлеуметтік желілерде белсенділік танытқаны жөн. Ең алдымен, орталық және жергілікті атқарушы органдардың әрқайсысында халықпен тікелей жұмыс істейтін және кері байланыс жасап отыратын алаңдардың болуы шарт», - деді президент
Тоқаев шенеуніктер әлеуметтік желідегі онлайн-пікірталасқа қатысып, ондағы сұрақтарға жауап беруге болатынын айта кетті.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”