Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр әйел кір жууда жіберетін 15 қателік

Киімнің көркін сақтай білу үшін, ең алдымен оны дұрыс жуа білу қажет.

Woman loading washing machine in kitchen

Назарларыңызға киіміңіздің бүлінуіне алып келетін әрқайсысымыз жіберетін қателіктер тізімін ұсынамыз.

  1. Дұрыс сұрыптамау.Түсінен бөлек, киімнің матасына назар аудару керек: флис матадан тігілген киімдер тек бөлек жуылады, ал сүлгілерді еш уақытта синтетикалық киімдермен бірге жууға болмайды.
  2. Дақпен күресудегі қателік. Егер дақтарды ысқылап кетіруге әдеттенген болсаңыз, киімдегі тесіктерге таң қалудың қажеті жоқ. Киімдегі дақтарды кетіруде ұқыптылық таныту қажет. Киімді ысқылағанн гөрі, дақты ақ түсті мата қиындысымен сорып алған жөн.
  3. Кір жуатын ұнтақтың көптігі.Тым көп көбік киімнің жаға сынды бөліктерінде кірді ұстап қалады. Соның салдарынан ол жерлерде бактериялар жиналады.
  4. Сыдырма ілгек.Киімді жумар алдында сыдырма ілгектің ілгегін саалуды ұмытпаңыз. Керісінше жағдайда оның тісшелері басқа киімдерді бүлдіруі мүмкін.
  5. Түймелер.Ал жейде мен басқа да түймелі киімдерді түймелемеген жөн. Әйтпесе түймелері түсіп, жіптері жарамсыз болып қалады.
  6. Ағартқыш құралдың шектен тыс мөлшері.Ағартқыш құралдар матаның беріктігін кетіреді, сондықтан ыстық суда қайнатып алыңыз. Ол үшін керегі – үлкен кәстрөл мен бірнеше тамшы лимон шырыны.
  7. Шомылу киімін кіржуғыш машинда жуу. Суға түсуге арналған киімдерді және спандекс, эластаннан тігілген өзге де киімдерді кір жуғыш машинада жууға мүлдем болмайды. Оларды тек салқын сумен әрі қолмен жуу қажет.
  8. Кір жуағыш машинаға «демалыс» беру. Кей әйелдер қатарынан бірнеше рет кір жуу кір жуғыш машинаның бұзылуына алып келеді деген қате түсінікпен кір жуғыш машинаның жұмысын біраз уақытқа тоқтатып қояды. Алайда киімнің барлығын қатарынан жуған абзал: мұндай тәсіл бұған дейінгі циклдің жылуын қайта таралуына мүмкіндік беріп, электр қуатын аз жұмсайды.
  9. Жастық пен көрпені бір рет жуу. Мамық жастық пен көрпелерді кір жуғыш машинада жусаңыз, оларды екі рет шайған дұрыс. Керісінше жағайда олардың ішіндегі құс жүні көбікті ұстап қалып, кір жуғыш құрал көрпе-жастықтың ішінде қалып қалуы мүмкін.
  10. Киімдерді кір жуғыш машинаға бейберекет салу.Кір жуғаннан кейінгі ең күрделісі – әр шұлықтың екінші жұбын табу. Бұл қиындықтан қашып құтылғыңыз келсе, кір жуғыш машинаға алдымен шұлықтарды, сонан соң қалған киімдерді салыңыз. Нәтижесі ұнайтыны анық.
  11. Сүлгі матасына жұмсартқыш құралдың әсері.Матаны жұмсартуға арналған құралдар оның сіңіргіштік қасиетін азайтады. Сондықтан сүгілерді мұндай құралдармен жумағаныңыз дұрыс.
  12. Кір жуғыш машинаға көп киім салу.Кір жуғыш машинаға толтыра киім салудың қажеті жоқ. Оның салдарынан киімдер жыртылып, кір жуғыш машина бұзылады.
  13. Күртелерді дұрыс жумау. Күртелердің ішіндегі құс жүні жан-жаққа тарап кетпес үшін, онымен бірге кір жуғыш машинаға 3 теннис добын малыңыз. Олар күртені жүндердің тарап кетуінен сақтап, ішіндегі барлық көбікті қағып шығарады.
  14. Киім жууға арналған қымбат құралдарды қолдану.Біз қолданып жүрген құралдардың бірқатарының баламасы бар: ас содасы киімнің өңін қайтарса, бор майлы дақтардан арылуға көмектеседі. Кір сабын киімді ағартып, дақтарды жояды. Ал киімнен хош иіс беріп, матасын жұмсарту үшін лимон шырынын қолдануға болады.
  15. Дұрыс күтім жасамау. Кіржуғыш машинаның күтіміне жіті мән беріп, жиірек тазалап тұрыңыз. Әсіресе, көптеген кір жуғыш машинада кір жуатын ұнтаққа, кондиционерге арналған бөлігінің алынатынын ұмытпаңыз. Олардың астында кір жуғыш құралдар жиналып қалатындықтан, оларды жиі жуған жөн.  Кір жуып болған соң кір жуғыш машинаның іші құрғап, желденуі үшін қақпағын жабуға асықпаңыз.
Талқылау