Ақтауда ер адам әйелді зорлаймын деп қорқытып, қыр соңынан қалмаған

Ақтауда ер адам қыздың қыр соңынан қалмай вңдып, қолынан тартып, оны зорлаймын деп ашық түрде қорқытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілетем жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан айналадағы адамдардың жәбірленушіні агрессордың қолынан арашалап, оны тоқтатуға тырысқанын көруге болады. Артынша оқиға адам көп жүретін тасжолда жалғасын тапты.
Жалаңаяқ әрі жейдесіз жүрген ер адам қыздың соңынан қалмайды. Қатты қорыққан бойжеткен жолға жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатпақ болады. Көліктердің бірі тоқтап, қыз оған мініп үлгерді. Алайда күдіктіні бұл да тоқтатқан жоқ. Осы сәтте жанжалға көліктің жүргізушісі де араласады. Бейнежазба осы тұста үзілді.
Белгілі болғандай, полиция оқиғаға қатысқан барлық азаматты ұстаған. Қазір тергеушілер болған жайттың мән-жайын анықтап жатыр.
“Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан барлық адамды анықтап, ұстады. Олар Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды”, – деді Маңғыстау облысы полиция департаментініеің ресми өкілі Айгерім Ибатуллаева.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан