Аптап ыстық және жаңбыр: Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 8-10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер еліміздің кей бөлігінде жаңбыр болатынын болжады.
"Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, 8-10 шілде аралығында Қазақстанның бүкіл аумағын қамти отырып, солтүстік-шығыс бағытқа ығысатын болады. Осыған байланысты, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауады, олар найзағай, бұршақ, екпінді желмен бірге жүреді", – делінген ауа райы болжамында.
Мамандар республиканың кей аумағында аптап ыстықтың сақталатынын ескертті.
"Батыста ауа температурасы: түнде +13+23℃ дейін жылынады, ал күндіз +23 +32℃ дейін, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында: түнде +10+21℃ күтіледі, күндіз термометр +20+28℃ температураға жетеді. Елдің орталығында және шығысында: түнде +13+23℃, күндіз +25+37℃, ал Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – түнгі температура +18+25℃, күндіз +30+42℃", – делінген ауа райы болжамында.