Анна Данилина Лондонда өткен шөптегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы шөптегі турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол ресейлік серіктесі Диана Шнайдермен жұптасып, ширек финалда австралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчикті 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңді. Бұл жұп турнирге екінші нөмірмен тіркелген.
Данилина үшін бұл — "Ролан Гаррос" турнирінен кейінгі алғашқы жарыс. Францияда өткен додада ол финалға дейін жетіп, WTA жұптық рейтингінде жеке рекордын орнатып, тоғызыншы орынға көтерілген еді.
Енді Данилина мен Шнайдер финал жолдамасын үшінші нөмірлі жұп — австралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуайға қарсы сарапқа салады.
Айта кетейік, турнир шөп маусымының бастамасы саналады. Қазақстанның өзге өкілдері — Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да жұптық сында өнер көрсеткен, алайда жартылай финалға өте алмады.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті

