Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әңгімелесейін деп барған едім": Бибігүл Төлегенова Нұрсұлтан Назарбаев берген сыйлығын көрсетті

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова экс-президенттен алған сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Өнер иесінің айтуынша, осы күнге дейін дүние жинамаған көрінеді. 

“Қанша жыл сахнада жүрсем де дүние жинамаппын. Тағып отырғандарымның бәрі сыйлыққа келген. Қаншама елден іссапардан келсем де, үйдегілерге алып келетінмін. Шешем әкелгенімді қылдай етіп балаларына бөліп беретін. Өнердің арқасында ештеңеден жоқшылық пен таршылық көрмедім. Алматыдағы пәтерімді өзім сатып алдым. Астанадағы 4 бөлмелі пәтерімді сыйлыққа алдым”, – деп ағынан жарылды әнші. 



Сонымен қатар экс-президенттен алған сыйлығын да көрсетті. Айтуынша, өзі үшін ең бағалы сыйлықтың бірі екен. 

“2019 жылы ол кісі президенттіктен кеткеннен кейін қабылдауына жазылдым. Ақордадан көшпеген кезі еді. Әңгімелестік. Сол кезде меннен "Бибігүл Ахметқызы, маған бұйымтайыңыз бар ма?" деді. Мен “ешқандай бұйымтайым жоқ, сізбен көп жыл бірге жұмыс істедік, қазір президент емессіз, әңгімелесейін деп, сәлем берейін деп келдім" дедім. Сол кезде ол кісі риза болды. "Маған келген адам ең бірінші өтінішпен келеді" деді. Мен маған ештеңе керек емес екенін, үйім, киімім бар, тамағым тоқ екенін айттым. Құр қол кетпесін деп ойлаған болар, қолыма сағат тағып, жаңадан жарық көрген кітабын сыйға берді”, – дейді Бибігүл Төлегенова.

Еске салайық, халық әртісі отбасылық өмірде жолы болмағанын жазған едік. 

Талқылау