Анемиядан адам өліп кетуі мүмкін екенін білесіз бе?
Анемия яғни, қаназдыққа гемоглобин және қан құрамындағы эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) аз болуы себеп болады. Мамандардың айтуынша, анемияға жеңіл желпі қарауға болмайды. Себебі оынң соң ауыр зардаптарға, тіпті өлімге әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Қаны аз адамдар көбіне тез шаршайды, әлсіреп, басы айналады. Кей жағдайда, қанның құрамында темір тапшылығы баланың психикалық ауытқуларына да әсер етеді екен. Анемияның белгілері байқалай бермейді, сол себепті аурудың алдын алып, дер кезінде дәрігерге көрінген дұрыс.
Қаназдықтың негізгі белгілері:
- Әлсіздік пен энергияның аз болуы, үнемі ұйқының қанбауы;
- Шаштың түсіп, тырнақтың сынуы;
- Адамның психологиялық денсаулығының нашарлауы. Жаңа бір істі қолға алайын десе, зауқы болмайды;
- Тіндік гипоксия – ағзаға оттегінің жетіспеуі.
Ағзада гемоглобин 80 болса адамға қан құяды. Мамандардың айтуынша, анемияның дұрыс емдемеген жағдайда соңы өлімге әкеп соғуы мүмкін.
Адам ағзасында гемоглобиннің қалыпты мөлшері болады.
- Ер адамдарда – 130-155;
- Әйелдерде – 120-145;
- Жүкті әйелдерде – 120-дан кішкене төмен болады;
- Балаларда – 110-135.
Анемияның үш деңгейі бар:
Бірінші деңгейінде гемоглобин 100 г/л-ге дейін төмендейді. Бұзылыстың айқын белгілері болмайды және патология жиі қан анализінде анықталады;
Орташа ауырлық деңгейі –гемоглобиннің 80 г/л-ге дейін төмендеуі болады. Жалпы шаршағыштық, жиі бас айналулар және қаназдықты, басқа да симптомдары көрінеді;
Үшінші ауыр деңгейінде қандағы гемоглобин мөлшері 70 г/л-ден төмен болады. Жалпы симптомдардан бөлек, ауырсынулармен, шалыс соғулармен көрінетін жүрек қызметінің бұзылысы анықталады.
Эритроциттердің әлсін төмендеуі кезінде қан денешіктерінің деңгейін қалпына келтіруге жиі құрамы темірге бай тағамдардан тұратын диетатерапия көмектеседі. Басқа жағдайларда сәйкес емдік терапия қажет болады.
Анемияның асқынуына не себеп болады?
Балаға темір, фолий қышқылы, ақуыз жетіспегенде анемия пайда болып, ауру өршиді. Өнеркәсіп көп орналасқан экологиясы нашар қалаларда, көп жағдайда, 3-6 жас аралығындағы балалар анемиямен жиі ауырады. Сиыр сүтін қайнатпай ішу де қаназдықты асқындырады. Себебі оның құрамында темірден қарағанда, ақуыз көп. Сондай-ақ түрлі инфекциялық аурулар кезінде де анемия өршиді.
Адам өміріне қауіпті анемия түрлерінің бірі – апластикалық анемия, яғни сүйек кемігінің зақымдануы. Ағза жаңа жасуша шығару тоқтатады.
Апластикалық анемияның пайда болуына мыналар себеп:
- Қатерлі ісік емдеу;
- Улы химикаттардың әсері;
- Жүктілік;
- Аутоиммундық бұзылулар;
- Вирустық инфекциялар.
Анемия кезінде қосымша қан құюдың қажеті жоқ. Себебі, қосымша қан құйылғанда қан құрамындағы эритроциттер бір айға ғана жарамды болғандықтан аса пайдасы жоқ. Көп қан жоғалтқан жағдайда ғана қосымша қан құйылады.Темір тапшылығынан болатын қаназдықты үйде емдеу үшін неше түрлі дәрілік препараттар бар.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде. Қаназдықтың алдын аламын десеңіз, төмендегі кеңестерге назар аударғаныңыз абзал.
1. Дұрыс тамақтану:
- темірге бай - бауыр, ет, балық, анар, алма, қызылша, сұлы мен қарақұмық жармаларын жиі тұтыну
- В12 дәрумен көзі - ет, құс еті, ішкі өнімдер, теңіз өнімдері, сүт, ірімшік, жұмыртқа
- фолий қышқылы - жасыл жапырақты көкөністер, брокколи, бұршақ дақылдары, апельсин, банан, өрік т.б.
- С дәрумен көзі - итмұрын, қарақат, таңқурай, бүлдірген, қырыққабат, болгар бұрышы т.б.
2. Зиянды әдеттерден арылу (темекі шегу және алкогольді ішімдіктерден бас тарту).
3. Дене белсенділігін жоғарлату (күніне 30 минуттен кем емес денешынықтыру).
4. Уақытылы профилактикалық медициналық тексеруден өту (қан анализін тапсырумен).