Анасы 4 айлық баласын тыныштандыру үшін арақ беріп, өлтіріп қойды
Ресейдің Иркутск ауданында анасы сәбиіне көп мөлшерде арақ беріп, өлтіріп қойды. Әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
“Тергеу болжамы бойынша, күдікті өзінің 4 айлық сәбиінің бөтелкесіне арақ қосып, оны тыныштандырмақ болған. Алкогольден уланған сәби ақырында көз жұмды. Әйелдің кіші жастағы тағы екі перзентінің бар екені анықталды. Күдікті ата-ана құқығынан айырылды», – делінген жергілікті құқық қорғау органының мәлімдемесінде.
Әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті әйел кәмілеттік жасқа толмағандар ісі мен олардың құқығы жөніндегі комиссия тіркеуінде тұр.
Жіберіп алмаңыз:
Сұлулық конкурсында бас жүлде алған қыз өз-өзіне қол жұмсады
Қытайда миына шеге кіріп кеткен адам тірі қалды
Қазақстандағы ең табысты банктердің рейтингі жаңарды
2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның банк секторы бұрынғыдай жоғары табыс көрсеткенімен, жалпы динамика баяулай бастады
"Әлем аруы - 2026" байқауында Қазақстан намысын кім қорғайтыны белгілі болды
Бұл жолы ұлттық киімнің негізгі идеясы ретінде аққу таңдалған