AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы қылмысқа өз бауырларын айыптап отыр: Есік қаласында 4 жасар қыз зорланды

Алматы облысының Есік қаласында 4 жасар қыз зорлық көрді. Болжам бойынша істі бүлдіршіннің анасының бауырлары жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы оқиға туралы алғаш ақпаратты әлеуметтік желіде құқық қорғаушы Дина Таңсәрі жазды. Деректер бойынша, бүлдіршіннің анасы бұл қылмысқа өз бауырларын айыптап отыр. 

"Есік қаласында төрт жасар қыз зорланған. Болжам бойынша, әйел дүкенге шығып кеткен кезде бүлдіршінді анасының бауырлары зорлаған. Балаға шұғыл ота жасалып, тергеу шаралары жүргізілуде. Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа тыйым салатын заңдардың болмауы қоғамның азып-тозуына әкеліп соқтырады”, – деп жазды автор.

Оқиғаны Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомствоның хабарлауынша, кішкентай қызды зорлау фактісі 13 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданында орын алған. 

“Аса ауыр қылмыс жасаған азамат Қызылорда облысының тумасы болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол бірнеше күн бұрын қонаққа келіп, қылмыс жасаған кезде мас күйде болған. Күдікті қамауға алынып,  ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша  тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда бала дәрігерлердің бақылауында”, – деп жауап берді департамент Stan.kz тілшісіне. 

Айта кетсек, Алматы облысында жыл басынан кәмелетке толмағандардың зорлаудың 10 дерегі тіркелген. Күдіктілердің басым көпшілігі жақын таныстары болып шыққан. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр