"Анасының да кінәсі бар": Ішкі істер министрі Түркістанда балаларын соққыға жыққан ер адамға қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы балаларын ұрған ер адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бір нәрсеге мән берген жөн. Отбасындағы құқық бұзушылық мәселесі тек қана бір тараптың кінәсінен болмайды. Бұл жағдайда күйеуі ғана қатігез емес, балалардың анасының да кінәсі бар. Ол бірнеше рет шағым түсірген, алайда ресми түрде арыз жазбаған. Заң жүзінде олар ерлі-зайыпты, бірақ қорлық көрсе де, әйел адам ажыраспаған. Заң тұрғысынан бірнеше кемшілік байқалады. Ондай кезде полиция қызметкерлері шарасыз болып қалады. Өйткені, күйеуін әйелдің арызы болмаса, үш сағаттан артық қамауда ұстай алмаймыз", - дейді Тұрғымбаев.
Еске салсақ, Түркістан облысында балаларын аяусыз ұрып соғып жатқан ер азаматтың әрекетті жұртты шошытты. Балалардың анасы шағым түсіріп, ер адамның қамауға алынғаны белгілі болған.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған