Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анадан жаңа туғандай жалаңаш": Қарақат Әбілдина немістердің өмір сүру салтын баяндап берді

Танымал әнші Қарақат Әбілдина немістердің өмір салтына үйренісе алмай, шошығанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/

Өнерлі жұп Германияға емделуге кеткен еді. 

“10 күнге жоспарланған сапарымыз аяқталып, елге қайтып барамыз. Көздеген мақсатымыз орындалып, көңіліміз жайланды. Осыдан 10 жыл бұрын келіп едік. Таңғалатын да, тамсанатын да тұсы көп. Мені қатты шошындырған бір-екі өмір сүру салтын айтып берейін", – деп бастады әңгімесін әнші. 

“Бұл кісілер біз секілді аста-төк дастархан жаймайды. Қонақ келсе, ол өзінің ішкен-жегенін төлеп кетеді екен. Осы салты маған тосын көрінді. Біздің қазақылығымызға жат дүние болғандықтан, түсіне алмадым. Тағы бір шошындырған жағдай, жасы да, кәрісі де, әйелі де, ері де балаларымен бірге моншаға түсе береді екен. Анадан жаңа туғандай жалаңаштанып, бәрі бір моншада жүреді. Алдында келгенде естігем, бірақ сенбеп едім. Осы жолы бұлар соны қалыпты жағдай деп айтып бергенде кәдімгідей шошыдым. Алла сақтасын, қорқынышты нәрсе екен. Одан кейін қыз бен жігіт кездесуге барғанда қыз өзінің ішкен-жегенін төлейді екен. Біздің елде ер-азаматтарымызды “қызға құрмет” деп тәрбиелегесін ол салты да құлаққа түрпідей тиді”, – деп таңғалды өнер иесі. 

Желі қолданушылары сүйікті әншілеріне денсаулық, елге аман-есен келуін тілеп жатыр. 

Еске салайық, жұлдызды жұп Еуропаға емделуге кеткенін жазған едік. 

 

Талқылау