Америкада тұңғыш қазақ балабақшасы ашылды
Американың Калифорния штатында алғашқы қазақ балабақшасы ашылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
АҚШ-та білім орталығын құру туралы идея отандасымыз Жанна Атабековаға тиесілі. Оның айтуынша, енді Кремний алқабында тұрып, жұмыс істейтін қандастарымыз өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақ тілін үйрете алады. Балабақшаға Қазақстаннан келген иммигранттармен қатар қырғыз және америкалық отбасылар да балаларын бере алады.
“Бізге барлығы ұнады. Балаларымыздың ата-әжесінің тәрбиесіндей тәрбие алғанын қалаймыз”, – дейді шетелдегі отандасымыз.
Тағы бір қандасымыз балабақшаның қазақ тілін үйренудегі маңызы зор екенін айтты.
“Балабақшаның тілімізді сақтап қалудағы маңызы зор. Кіші қызым Асима 18 айлық. Қызымның ана тілін біліп өскенін қалаймын”, – дейді ол.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды