Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алуа Қонарова “Жыл таңдауы” жобасының әділетсіз өткенін айтып ашынды

Жыл соңында үздіктерді іріктейтін ұлттық музыкалық жоба, өнер өкілдеріне қуанышты да, өкінішті де қатар сыйлайды. Мәселен, Алуа Қонарованың мұндай марапаттардан көңілі қалғаны қашан. Таңдаулы әндерді сарапқа салған бұл премияда, продюсердің жобаларына жүлде бұйырмаған көрінеді…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Былтыр «Жыл таңдауы» премиясынан қанжығасы бос қайтқан Қонарованың командасы, бұдан былай мұндай марапаттарға қатыспайтынын айтқан-ды. Алайда, жоба авторлары Алуаны райынан қайтарған.

“Шынымды айтсам, бұл премияға сенбеймін. Өйткені, әділдік жоқ! Әншіге достары мен жақындары дауыс береді. Олар музыкант емес қой. Кәсіби сарапшылардың шешімі дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, жобаларымды қатыстырғым келмеген. Бірақ, өтінген соң, сахнаға шығуымызға тура келді”, – дейді Қонарова.

Алуа ханым, үздік әндер мен орындаушылар сұрыпталатын сайысқа «Аюми» мен «Рензо» тобын тағы бір мәрте қосып көрген еді. Алайда, азулы продюсердің жобалары бұл жолы да жүлдесіз қалды.

“Шынымен де, бір мынадай мүсіншеде тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы, халықтың көңілінен шықсақ сол жетеді”, – дейді «Renzo» тобы.

Ал, отандық шоу-бизнестегі өзге өнерпаздар, жүлдесіз қалған әріптестерін жұбатып әлек…

“Біреуге ренжудің қажет жоқ. Өзіңе ғана ренжу керек менің ойымша”, – дейді Айқын.

“Қатты бір көңіл түсіретін дүние емес шығар деп ойлаймын. Өйткені, егер сен «Жыл таңдауына» келіп, мыңдаған халықтың арасында өнер көрсетсең, соның өзі үлкен жүлде деп ойлаймын”, – дейді Дастан Оразбеков.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Продюсер Тәстембеков Айқын мен Жұлдыздың құпиясын ашып қойды

Баян Мақсатқызы не себепті дүркіретіп той жасамағандарын түсіндірді

Қазақстандық Данэлия Төлешова “Голос.Дети” шоуында төрешілерді жылатты (видео)

Әнші Ренат Баситов нәрестелі болды

 

Талқылау