Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық әлем чемпионы Алуа Балқыбекова 2025 жылғы әлем чемпионатының медалі үшін өткен жекпе-жекте қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан жарыста 51 келіге дейінгі салмақта ол Қытай Тайбэйінің өкілі И-Сюань Гуомен қолғап түйістірді. Бірінші раундта-ақ төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті Балқыбекованың еншісіне жазды.
Екінші кезең де дәл осындай есеппен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Үшінші раундта қарсыласты тек мерзімінен бұрынғы нокаут құтқара алатын еді, бірақ оған Балқыбекова жол берген жоқ. Осылайша, Алуа жартылай финалға шығып, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Алуа Балқыбекова – 2021 және 2022 жылдардың екі дүркін Азия чемпионы. Сондай-ақ ол әлем біріншіліктерінде бірнеше рет жүлдегер атанды: 2022 жылы – күміс, 2023 жылы – қола, ал 2025 жылы – алтын медаль иегері.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті

