Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева: Ажырасамын деп күйеуге тиген жоқпын

Алтынай Жорабаева алғаш рет актер Сәбит Әбдіхалықовпен ажыраусуына қатысты бар шындықты айтты. Әнші о баста үлгілі отбасын құрамын деп ойлағанын, алайда арманының орындалмағанын жеткізді. Жорабаева отбасындағы берекені сақтап қалу үшін барын салғанын, алайда Әбдіхалықовтың оны бағаламағанын айтты, деп жазады Stan.kz. 

Бұған дейін әнші жеке өміріне қатысты сұрақтардан басын ала қашып, ажырасуына қатысты пікір білдірмеген еді. Алайда күні кеше оқырмандарына шамына тиіп кетсе керек-ті, Алтынай бұл сұрақтың нүктесін қоюға бел буды. Себебі желі оқырмандары ажырасқан әйел болғаны үшін ғана Жорабаеваны тұсау кесуге лайық көрмепті.

“Алдыңғы постта Томирис деген бүлдіршіннің тұсауын кескенімді салып едім, неше түрлі пікірді оқып, Алладан кешірім сұрадым сол адамдар үшін. Және ешқандай күш жұмсамай сауапқа ие болғаныма Аллаға шүкір еттім.

Біріншіден ешкімнің кепілдігі жоқ, ертеңгі күні жағдайы қандай болатынына….Екіншіден мен тұсау кескенім үшін ақша сұраған жоқпын, алмаймын да. Ал ән салып қызмет жасау ол басқа. Негізі мен қаншама адамға “отказ” беріп келемін , тұсау кесу болсын, қыз ұзату болсын. ” Мен ажырасқанмын, ертең көңілдеріңізге алып қаларсыздар, оданда отбасы бар келіншектерге айтыңыздар” -деп. “Жоооқ ондайды көңілімізге алмаймыз” деп жатса да келіспедім. Содан менің көмекшім Ақерке айтты, “Алтынай Құлажанқызы, неге сіз өзіңізді төмен санай бересіз? Сіз де төрт қыздың анасысыз ғой, қыздарыңыз қандай тәрбиелі, Маа Шаа Алла , ондайды қойыңыз, сізге ұқсағысы келіп жүрген қаншама қыз-келіншек бар” деген соң, кеше тұсау кесуге келіскен болатынмын.

Шынында да мен, күйеуге ажырасамын деп тиген жоқпын. Бір үлгілі отбасы боламыз Алла бұйыртса деген арман болды. Мені әкем мен анам еріңе қарап сөйлеме, еріңдікі дұрыс болса да дұрыс, дұрыс емес болса да дұрыс деп тәрбиеледі… Мейлі үй тірлігі болсын, дала тірлігі болсын барлығын өзім жасап жүре беретінмін… Өйткені бізді солай тәрбиеледі. Мынау әйелдің, мынау еркектің жұмысы деп бөлмедік. Ал оны түсінбейтін, бағаламайтын еркек болатынын айтпапты… Бірақ шыдамдылықтың да шегі болады ғой. Мені әкем мен анам көшеден тауып алған жоқ қой. Мен де ет пен сүйектен, сезімнен жаратылғанмын… Алла бізден жақсы біледі. Әр нәрсенің xайыры бар. Бізге осылай xайырлы болған шығар… Әрине өз пікірлеріңізде қала беріңіздер , мен өзгертуге тырыспаймын. Бірақ өмірімізге балта шаппайық. Бұл өмір сынақ!” – деп жазды Алтынай Instagram парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Мейрамбектің термесін шырқап, жұртты сүйсіндірді (видео)

Баян Мақсатқызы неліктен бетіне пластикалық ота жасата алмайтынын түсіндірді

Баян Мақсатқызы экс-күйеуінің қаталдығы туралы бар шындықты айтты

Айдарбековтер әулеті жаңа құдаларды сән-салтанатпен қарсы алды (видео)

Талқылау