"Алтынмен апталып, күміспен қапталған": Жақында ұлды болған Өмірқұл Айниязов қымбат сыйлыққа ие болды
Дәстүрлі әнші, композитор Өмірқұл Айниязов жаңа жыл қарсаңында үшінші рет әке атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі 45 жасында екінші ұлдың әкесі атанды.
“Сүйінші!!!!Жаңа жылдың алғашқы күнінде,Ұлды болдым ағайын”, – деп жазды дәстүрлі әнші.
Сондай-ақ атұстарының дүниеге келгеніне тыңдарман інісі бағалы сыйлық тарту етті. Бұл туралы әнші жеке парақшасында видео жүктеп, алғыс айтты.
“Дүниеге ат ұстар келді деп алтынмен апталған күміспен күптелген қамшы сыйлаған Біләл ініме Алла разы болсын!”, – деді өнер иесі.
Желі қолданушылары қамшының бағасын сұрап та үлгерді. Әнші “1 миллион теңге” деп қысқа қайырды. Сонымен қатар жаңа туған сәбиге құтты болсын айтып, ұзақ ғұмыр тілеп жатқандарға алғысын жаудырды.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі