Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алтын сағаттарын сыйлап кететін": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың мәрттігін көпке үлгі етті

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың халықты қалай қуантатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Шоу-бизнес өкілі ұлының сахнадағы жомарт мінезін де айтып өтті. 

“Көз тимесін деп үстіне осылай жылтыр костюм тіктіруші едік. Қолына тағатын жүзіктің де тасы жылтыр болатын. Костюм тіктіруден үлгермейтін едік. Өйткені елге үстінен шешіп, сыйлап кететін. Әсіресе алтын сағаттарының ақшасы төленбей, сыйлап жіберетін”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 



Одан кейін бір концерттен қалай шаршап, тамағы қарлығып шығатынын да жеткізді. 

“Концертті түгел жалғыз өзі жасап беріп, тамағы ісіп, қарлығып қалатын. Сондай кезде дуэт айтатындарға қызығатын. Әр әнші сөзін айтып жатқанда, екінші әнші демалып алатын. Ол күндер де өз қызығымен кетті. Бтлет жетпей күніне 3-4 концерт қоятын кездер-ай. Ентігіп тұрғанда билеп айту да оңай емес. Үстінен тер сорғалап, екінші концертке дейін кептіргішпен әрең кептіріп үлгеретін едік”, – деп өткен күнді есіне алды продюсер. 

Еске салайық, өнер иесінің анасы ұлын “Аңыз адам” деп атауға кеңес берген еді. 

Талқылау