«Алтын доптың» иегері қашан анықталатыны белгілі болды
“Алтын доптың" жаңа иегері қашан анықталатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: blog.marathonbet.ru
France Football журналының нұсқасы бойынша 2024 жылдың ең үздік футболшысын марапаттау рәсімі 28 қазанда Париждегі Chatelet театрында өтеді.
Үміткерлер 4 қыркүйекте белгілі болады. Барлығы 10 номинация ұсынылады.
Бұл мәртебелі сыйлық соңғы рет Лионель Мессиге бұйырды. Аргентиналық шабуылшы аталған марапатты сегізінші рет алған еді. (2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 және 2023). Бұл сыйлықты Месси секілді көп алған футболшы әзірге жоқ.
Осы жылы France Football УЕФА-мен ынтымақтасады, ал 2010 жылдан 2015 жылға дейін жүлде ФИФА-мен бірлесіп берілді.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған

