"Алтын алу үшін келдім": Бибосынов Әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады
2020 жылы өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады. Ол алғашқы кездесуінде өзбекстандық Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовты жеңген болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Бибосынов өзбекстандық боксшыны жеңіп, көпті таңғалдырған болатын.
"Мен бұл чемпионатқа тыңғылықты дайындалдым. Бәріңіз білесіздер, мен Олимпиададағы қола медаль үшін "есеп айырысқым келеді". Мұнда алтын алу үшін келдім. Жаттықтырушыларға алғысым шексіз. Олардың берген нұсқаулары жеңіске жетуге көмегін тигізді", - деді Бибосынов жекпе-жектен кейін.
Әлем чемпионатының ¼ финалына жолдама алу үшін спортшы үндістандық боксшысы Дипакпен кездесу өткізеді. Жекпе-жек 1 қарашада болады.
Айта кетейік, жарыстың екі күнінде өнер көрсеткен 4 отандасымыз да келесі айналымға өткен болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"