Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Altel-ден 5G желісі сіздің үйіңізде: Оператор өз абоненттеріне тиімді науқан ұсынады

5G желісін Altel абоненттері де сынап көрді. Бүгінде бесінші буын ұялы байанысының арқасында ауқымды фестивальдер, спорттық іс-шаралар мен халықаралық талқылаулар жоғары деңгейде өтуде. Жылдам желімен қамту аймақтары Қазақстанның 17 қаласында бар және апта сайын ондаған станциялар іске қосылып толығуда. Енді 5G смартфондарда ғана емес, тұрғындардың үйлеріне де орнатылып жатыр. 

Оператор қамту аймағын ұлғайтып қана қоймай, заманауи технологияны үйлерге орнатып, жылдам желіні пайдалану мүмкіндігін ұсынуда. 5G технологиясын қолдайтын құрылғыға қазір-ақ тапсырыс бере аласыз. Ол кідіріссіз жылдамдығымен, жаңа кескін сапасымен және өте ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Altel роутерлері байланыс сымдарын өткізу үшін қабырғаны бұрғылауды, қосылым жасау үшін көп уақытты қажет етпейді. Бейнежазбаларды бірер секундта жүктеп, кідіріссіз бейнеконференциялар өткізу, ауыр файлдарды жүктеп алу үшін сізге тек құрылғы мен SIM карта жеткілікті.

Сонымен қатар, Altel 5G интернет құрылғыларын сатып алған кезде 50%-ға дейін жеңілдіктер алу мүмкіндігін беретін Trade in науқанын бастады. Қатысу үшін мына шарттарды орындасаңыз болғаны:

  1. Қалаңыздағы қамту аймағын тексеріңіз;
  2. Кез келген операторлардың ұялы желілерге арналған сымсыз роутерін келесі мекенжайлар бойынша Altel салондарына әкеліңіз;
  3. Диагностиканы күтіп, жаңа құрылғыны тиімді бағамен алыңыз.

Науқан 5G желісін қамту аймақтары белсенді өсіп жатқан барлық қалаларда жарамды. Атап айтқанда, бұл тізімге Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Тараз, Семей, Өскемен, Жезқазған және Орал кіреді.

Талқылау