Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасына қалай жұмысқа тұрғанын айтты

Алматы полициясы өткен жылы сырт көзге караоке-бар есебінде жұмыс істеген екі бірдей жезөкшелер ордасын жаптырды. Алматылық бойжеткен өзінің жезөкшелікке қандай күштің итермелеуімен түскенін ашық әңгімеледі.

Девушки_в_караоке-баре

Көрнекі фото: ғаламтордан алынған

Ол жақсы жалақы алуды армандайтын аруларға сабақ болсын деген мақсатта неден сақ болу керектігі жайлы   Yvision.kz блогына сұхбат берді.

Бірінші курсты тәмамдаған студент караоке-бардан аниматор жұмысын тауыпты. Жас қыз бұл қызметі үшін күніне 5000 теңге алуға да келіскен. Ешкіммен ақылдаспаған ол осындай олжаны тапқанына тіптен қуанып та кетіпті. Жұмыс берушімен алғаш рет ешқандай караоке емес, жай кеңседе кездескен. Студент бұл кездесуден де еш астар аңдамапты.

«Өзімді таныстыруға барған жерім қараңғы әрі тыныш жер болатын. Әрине бір қарағанда сескенерлік жер. Әкімші өте қарапайым әрі ілтипатты болып көрінді. Ол караокеде тек кәрістер демалатынын түсіндірді. Аниматордың міндеті солардың қасында ішіп-жеп, демалып жүру екен.

Мұндайға таң қалғаныма әкімші  кәрістердің көп қыздардың ортасында тамақтанатын  «әдеті бар» деп түсіндірді.  Талап, әдемі киіммен боянып келу. Одан бөлек киім ауыстырып, жүзіңді әрлеуге,сәнденуге арналған бөлме берілді. Жұмыс уақыты кешкі 20:00 ден түнгі 02:00-ге дейін»,-деп түсіндіреді бойжеткен.

Аздап таңданғанымен ақша керек болғаннан кейін студент келесі күні-ақ жұмысқа шығуға келісе кетеді. Ата-анасына «құрбымның үйіне түнеймін» деп жаңа жұмысқа келген қыз өзіне берілген бөлмені көріп-ақ шошып кеткен.

«Мұнда сұңғақ бойлы, дөңгелек жүзді, арық, толықша келген, ақ, сары, бидай реңді түрлі талғамға ұсыныуға болатын арулар көзіме түсті. Олардың жұмыста жалған есімдері болды. Жоғарғы қабатта ән салатын он бөлме болды. Қонақтар келісімен біз екі қатарға тізіле түстік. Әкімші шай немесе кофе деп сұрады. Осылай жүргенде екі сағат уақыт өтті. Бақытыма орай мен ешқандай қонаққа ұнамадым. Түнгі 23:00 шамасында ең соңғы екі қонақ келді.

Біз жоғары көтерілген кезде екі еркек отырды. Бірі шай, екіншісі кофеге тапсырыс берді. Біріншісі бір қызды таңдады, екіншісі ұзақ ойлана отырып мені көрсетті. Басқа қыздар осыдан кейін  бөлмеден шығып кетті. Қасымдағы қыз бәрімізге ішімдік құйды. Мен ішуден бас тартқан кезде, ішіп отырған адам сияқты көрінуіме кеңес берді.

Ол әуенді қосып ағылшын тілінде ән сала бастады. Содан кейін өзін таңдаған кісімен билеп, құшақтаса бастады. Ал мені таңдаған еркек сөзге тарта бастады. Мен оған бүгін бірінші әрі соңғы күн жұмысқа шыққанымды түсіндірдім.  Ол да менің бұл қалауымды қолдайтындай ыңғай танытты»,-деп жазады студент.

Студент өзімен бірге кірген қыздың қонақтардан қызымет ақыны әкімшіге емес өздеріне  төлеуді сұраған. Қонақтар ашуланып, сол жерде ұрыс басталып кетеді. Осы сәтті пайдаланған қыз төменге түсіп, сөмкесін алып қашып шығады.

«Сыртқа шыққаннан кейін өзіме ірең келдім. Ұзақ ойландым. Тіпті өзімнің сонда  болып, осындай жайтқа тап болғаныма  жиіркеніп кеттім. Өзім үшін қатты ұялдым»,-дейді ол.

Айтакеткен жөн, бұл жерді полиция қызметкерлері 2014 жылдың желтоқсан айында жапқан еді. Полиция  өздері тексеруден өткен адамдарын қонақ ретінде кіргізген. «Шай» қызметі дегеніміз  таңдалған қыз  қонақтармен осы кеңсе қабырғасында бірге билеп, көңіл көтереді екен.

Ал «кофе» қызметі қонақ таңдағанын бір түнге басқа жерге алып кетеді екен. Қонақ таңдауына қарай әкімшіге ақысын төлеп отырған. Рейд кезінде кеңседе «қонақ күткен» 30 қыз болғаны анықталды.


Жіберіп алмаңыз:

Әйелінің адалдығына күмәнданған ауғанстандық оның қос құлағын кесіп тастады

Баян мен Тұрсынғали махаббат хикаяларының қалай басталғанын айтып берді

Асхат Садырбай: Баласына әкесін сыйлата алған әйел – нағыз әйел

Отбасылы әйел тікелей эфирде әнші Еркін Мәуленге сезімін білдірді

Талқылау