Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы сауда ойын-сауық орталығынан 60 адам эвакуацияланды

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт тұтануына байланысты Domillion сауда ойын-сауық орталығынан 60 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қаланың Төтенше жағдайлар департаментінен белгілі болды. «Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы 143 «В» мекенжайы бойынша орналасқан Domillion сауда ойын-сауық орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар сағат 14-34-тер кезінде түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минуттан соң сағат 14-42-де жетті. Кейіннен мәлім болғанындай, ғимараттағы кабельдердің бірінде қысқа тұйықталу болған соң, ол жерден өрт шығып, 0,2 шаршы метр аумақ жанған»,-деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Төтенше жағдай кезінде өрт сөндірушілер 60 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Олардың 10-ы балалар.

Тағы оқыңыз:

Астанада қайырымды жандардан бөлек өз пайдасын ойлайтындар да көбейді

Назарбаева әскери телеарна ашуды ұсынды

180 мың теңге үшін өлтірген: Түркістанда айуандықпен өлтірілген мұғалім қазасының мән-жайы

Талқылау