Алматыда Toyota көлігінің жүргізушісі 20 жастағы жігітті қағып өлтірді
Алматыда Қалқаман шағын ауданында жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып өлтірді.

Sputnik Қазақстан агенттігіне куәгерлер хабарлағандай, 1997 жылы туған жас жігіт жаяу өтпе жол маңынан жолды кесіп, өтіп бара жатқан. Сол кезде оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігі жаяу жүргіншіні байқамай, бар жылдамдықпен келіп қағып кетеді.
Жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Алматы полициясы болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
Алматыда Непалдағы ауқымды сел тасқыны қайталануы мүмкін бе: Сарапшылар қауіпті бағалады
Сарапшы Ақсай бөгеті құрылысының тоқтап қалғанына алаңдаулы