Алматыда Toyota Camry аударылды: Бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханада жатыр
Алматыда Саин даңғылы мен Ұлықбек көшесі қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Camry Саин даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, неге екені белгісіз, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалыпты. Салдарынан бордюрге шығып, бағананы құлатқан, кейін аударылып барып, ағашқа соғылды. Көлік жаяу жүргіншіні де қағып кетіпті, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik.

Жол апатынан үш адам зардап шекті — Toyota Camry жүргізушісі мен екі жолаушысы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.
Кейінірек жүргізушінің мас болғаны анықталды.
Тағы да оқыңыз:
ІІМ Астанада түрмеден қашып кеткен қылмыскердің суретін жариялады
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"