Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің ескертуін алған «Атакент» көрме-орталығының әкімшілігі танымал Pine Hill кафесін бұзып тастады.

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

Тексеруден кейін өзгеріске енген көрме аумақтың суреттері «Атакент» көрме-орталығының Инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

Қала басшысының сынына ұшыраған әкімшілік, 15 күннің ішінде көрме орталығының аумағындағы асфальт төсенішін алынып тастады. Сондай-ақ белгілі Pine Hill кафесі бұзылып, 400 түп ағаш отырғызылған. Осы уақыт ішінде әкімнің барлық ескертулерін жоюға тырысқан «Атакент» АҚ басшылығы 200 жуық қызметкер жалдаған.

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

«Атқарылып жатқан жұмыстарды жылдам аяқтауды шын ниетімізбен кіріскенімізге қарамастан, кенеттен бір келеңсіз жағдай орын алды. Бұл бізге үлкен кедергі келтіруі мүмкін. Бізбен жалдау шартын бұзу туралы жарлыққа қол қойылғаны туралы жазбаша растау жоқ деген қауесет шықты. Әңгіме біз жалға алған 21 гектарға жуық орман саябағының аумағы туралы болып тұр. Егер бұл сыбыс расталған болса, онда біз барлық жұмыстарды тоқтатуға мәжбүр боламыз. Ал, қалған жұмыстарды кімнің аяқтайтыны, тек Алматы қаласының әкімдігі ғана біледі»,-дейді Атакент әкімшілігі.

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының ортасында қала әкімі Бауыржан Байбек «Атакент» көрме орталығы мен оған іргелес аумақта тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Басқарушы компанияның жұмысын сынаған қала әкімі «Атакент» КО-ның жерін қаланың коммуналдық меншігіне қайтаруды тапсырған.

Тағы оқыңыз: 

Құранды жатқа оқудан өткен сайыста жеңімпазға көлік кілті табысталды

Рейхстагты бағындырған соңғы қазақстандық батыр дүниеден озды

Оғыз Доған: Біз Қазақстанда тұрып, тек қана қазақша қызмет алғымыз келеді

Алматылық мұғалімдер мен әскерилер қымбат көліктерді ұрлап ақша тауып келген

Талқылау