"Алматыдағы өртті әдейі жағуы мүмкін": Полицейлер желідегі видеоға қатысты тексеріс бастады
Алматы полицейлер әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты тексерістің басталғанын мәлімдеді. Кадрлардан белгісіз адамның жанып жатқан оттың жанында тұрғанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мынаны қара. Қайда жүгіну керек, төтенше жағдайлар департаментіне ме?" – дейді видео авторы.
Пікір қалдырған желі қолданушылары белгісіз адамды "диверсант" деп атады. Сонымен қатар тауда әдейі өрт қоюы мүмкін деп болжады.
Бостандық ауданы полиция басқармасында видеодағы орынның анықталғанын мәлімдеді.
"Қазір полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Қаладағы бейнебақылау жүйесіндегі мәліметтер тексеріледі. Бұл әрекетті жасаған азамат анықталып, жауапқа тартылады", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 6 қыркүйекте Кеңсайдағы өрттен кейін Көк-Төбе маңында да өрт басталған еді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"