Алматының орталығынан полицейлер қару-жарақ қоймасын тапты - видео
2022 жылдың қаңтар айының басында жаппай тәртіпсіздіктердің ошағына айналған Алматы қаласында қару-жарақ қоймасы табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Мемлекеттік мұражай маңындағы қару-жарақ қоймасын әскери ит тауып алған.
"Жасырынған жерден травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді. Жақын жерде қоқыс жәшігінен патрондар табылды, оның ішінде: 12 калибрлі – 19 дана, 7,62 калибрлі – 7 дана, 5,45 калибрлі – 4 дана. Оқ-дәрілерге кім иелік еткені тексеру барысында анықталады", – деп мәлімдеді Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Дәурен Өтебаев.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған