Алматының кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
Алматыға Гвинея-Бисау елінің президентінің келуіне байланысты бірқатар көше ішінара жабылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
"Алматы қалалық полиция департаменті, Гвинея-Бисау республикасының президенті Умара Эмбалон 19-20 желтоқсан күні Қазақстанға ресми сапары кезеңінде жол қозғалысына ішінара шектеу қойылатыны туралы хабарлайды", – делінген хабарламада.
Алайда шектеулер қоғамдық көліктерге әсер етпейді.
"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз” ,– деп атап өтті полиция басқармасының баспасөз қызметі.